
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында, Алматы жастар ісі бөлімінің жауапты өкілі Қайыргелді Руслан Болатұлы 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барасындағы әңгіме арқауы теріс ағымның зардаптары мен экстремизмнің алдын алу жолдары болды. Жастарға балалықты қойып, ересек адамдарша ойлау, күнәлардан сақтану, адамзаттың игілігі үшін тер төгіп аянбай еңбектенуге жігерлендіретін насихат сөздер айтылды. Жат ағым жетегінде кетудің трагедиялық салдары мен залалдары түсіндіріліп, олардың сақтанудың тетіктері де атап көрсетілді.
Кездесу соңында студенттер өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тәрбиеші мен ұстаздар да әңгімеге араласып, студенттерге өз ақыл кеңестерін берді. Жастар өкілі тәрбиеші ұстаздармен алдағы уақытта осындай пайдалы кездесулер өткізіп тұруға келісті.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.05.2017
3370
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру