Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде Қазақ күресінен іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

02.05.2017 3285 0 пікір

Өскемен өңірінен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жүлдесі үшін қазақ күресінен мешіт жамағаттары арасында өтетін Республикалық турнирге іріктеу сайысы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы орталығы Қайсенов кентінде болып өтті.

Сайысты ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі бәсекеге Өскемен өңірі балуандары қашанда белсенді қатысады. Өткен 2016 жылғы Республикалық турнирде Өскемендік балуандар жеңіске жетіп, Бас мүфти хазіреттің жүлдесін жеңіп алып, бапкерімен бірге қажылықта болып қайтқан еді.

Биылға сайысқа да әр аудан, қаладан сайдың тасындай балуандар күш сынасты.

Күш иелерінің бәсекесін Қасым Қайсенов кенті тұрғындары мен басқа аудандардан, Өскемен қаласынан келген жамағаттар тамашалады.

Олар өз балуандарына жанкүйер болып, қолдап отырды. Әр сайыс тартысты болды.

Бәсекеге 30-дан астам балуан қатысып, тамашалауға жиналған көрермендерді қызыққа бөледі.

Білек күшімен қарсыластарының жауырынын жерге тигізген «Өскемен орталық мешіті» балуаны  топ жарып, бас жүлдеге ие болып, Республикалық турнирге жолдама алды.

«Сайыс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Бұл деген спорттқа, ұлттық күресімізге деген зор қолдау, барымды салып, Республикалық турнирден олжалы болуға әзірлік жасаймын» деді, іріктеу сайысын жеңімпазы.

Көрермендер де сайыстың барынша әділ өткендігін айтып, балуанға сәттілік тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру