ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласындағы «Нұр-Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Алматы облысы Талдықорған өңірі Алакөл ауданында іс-сапармен болды. Алакөл аудандық З.Қойшыбаев атындағы мәдениет үйінде «Ислам және Өркениет – рухани жаңғыру жолында» атты кездесуге жиналған аудан тұрғындары, мекеме басшылары, мешіт имамдары, жамағаттары, әскерилерге Наурызбай қажы Тағанұлы Ислам діні заман талабына сай өркениетті түрде дамып келе жатқандығы жайында халыққа жүрек жарды уағызын айтты. Уағыз соңында көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, наиб мүфти тарапынан толыққанды жауап алған соң, ризашылықпен тарқасты.
Келесі «Зияткер имам – заман талабы» атты кездесу Талдықорған өңіріне қарасты Алакөл ауданы бойынша имам-молдаларымен болды. Кездесу барысында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі имамдарға ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, ІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» Тұжырымдамасы мен «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы» ұстанымындағы жүктелген міндеттерді жеткізіп, имамдардың сауалдарына жауап берді. Аурызбай қажы емін-жарқын сұхбатта өзінің көп жылдық имамдық іс-тәжірибесімен бөлісті.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2017
3707
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру