Павлодарда «Нұрлы мінбер - 2017» атты имамдар байқауына облыс имамдары арасында іріктеу сайысынан өткен 8 имам қатысып, өзара бақ сынасты. Байқауға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Аманқұлов Хасан, Байдуллаев Данияр, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Нұғыманов Мейрам, «Әбу Бәкір Cыддық» медресесінің ұстазы Есімбек Совет, баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы төрелік жасады.
Айналымдар бойынша білімдері таразыланған сайыскерлер «Сәлем – сөздің атасы», «Бәйге», «Жеті жарғы» кезеңідерінен ұпай сандары бойынша келесі кезеңге өткен төрт имам берілген 8 тақырыптың ішінен билет бойынша «Ата-ананы құрметтеу», «Өмір-бір сынақ», «Зина-арсыздық», «Бөлінгенді бөрі жейді» тақырыптары таңдалып, уағыз барысында имамдардың сөз саптауы, дикциясы, халықты өзіне тартуы, Құран аяттары мен хадистерді қолдана білуі, мақал-мәтелдерді қолдануы ескерілді.
Бес айналымның қорытындысы бойынша, қарсыластарынан оза шапқан қос ойыншы «Пікір-сайыс» айналымы бойынша «Медреселерге шәкірттерді 9 сыныптан қабылдау тиімді немесе тиімсіз» тақырыбында пікір таластырып, жақтаушы жақ бұл тұжырымды қолдаса, даттаушы тарап қарсы уәжін білдірді. Бір-біріне сұрақтар қойып, мәселеге қатысты нақты ұсыныс-пікірлерін, оны шешу жолдарын айтты. Нәтижесінде, өз пікірін ашық білдіріп, нақты дәлелдермен қуаттай білген облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Құдабаев Ербол І орын жүлдесін қанжығасына байласа, Ақсу қалалық мешітінің наиб имамы Мұхамедияров Асхат ІІ орын иеленді.
Бірінші және екінші орын иеленген имамдардың екеуіне де алғыс хатпен қоса смартфонды ноутбук сыйға тартылса, белсенді қатысқан 6 имамға бәріне де алғыс хат, тұрмыстық техникалық бұйымдарды сыйға тартты.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2017
3739
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру