
Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Байғанин ауданына барған сапарында ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, өңірдің төрт бірдей мешітінде болып қайтты.
Ауданда бүгінде Байғанин аудандық орталық мешітінен бөлек үш мешіт бар, атап айтқанда, Кемерші, Жарлы және Жарқамыс ауылдық мешіттері. Әрқайсысының тұрақты жамағаты бар, имамдары да түгел.
Сапар барысында аталған төрт мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатымен жүзбе-жүз кездескен өкіл имам олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Өз кезегінде жуырда қабылданған облысқа ортақ садақа мәзірі мен жерлеу рәсімдерін бірізділендіру туралы үндеудің халық арасында кеңінен насихатталуы керектігін ескертіп, жамағат арасындағы, әсіресе, аузы дуалы ақсақалдарды, ел ағаларын атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, имамдарға мешіттердің жері мен ғимараттарын ҚМДБ балансына өткізу, өзге де құжаттарын реттеп, рәсімдеуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Осы ретте айта кету керек, Кемерші ауылдық мешітіне қатысты сәтті жүрген келіссөздер нәтижесінде мешіттің жері мен ғимараты «Парыз» қоғамдық бірлестігінен ҚМДБ балансына өтіп, тиісті құжаттары түгел рәсімделді. Ертедегі дін қайраткері Ермағамбет ишан тұрғызған бұл мешіттің іргесі сонау 1909 жылы қаланған екен.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2017
3678
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру