Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАНТ мүшесі Зайсан ауданында болды

28.04.2017 3659 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ЖАНТ аясында бірқатар шаралар жоспарлады.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имам Аслан Мұратұлы ақпаратты-насихаттық топтың (АНТ) кездесулер жасау мақсатымен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында болды.

Ол «Зайсан аудандық мешітінің» Бас имамы, АНТ мүшесі Тимур Қайдарұлымен бірге Зайсан аудандық ауруханасы қызметкерлерімен кездесті.

Басқосуда денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне кері ағымдардың зардаптары мен дәстүрлі ислам қағидаларынан түсінік бере келе: «Сіздер адамдардың денсаулығы үшін қызмет етіп жүрген абзал ниетті жансыздар. Асыл дінімізде адамды емдеуге, көмек көрсетуге зор сауап бар делінген», - деп атап өтті АНТ мүшесі Аслан Мұратұлы. Ол, сонымен қатар, адамдарға адал қызмет етудің маңыздылығы жайлы да ұтымды насихат айтты. 

Аурухана басшылығ АНТ мшелеріне алғыс айтты.

Бұдан соң АНТ мүшелері «Зайсан аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы» мамандарымен кездесу өткізді.

Шарада оларға жат ағымдардың пайда болу тарихынан насихат айтылды. Кең ауқымды мағлұмат берілді. Сонымен қатар, мемлекетке адал қызмет етудің маңызы жайлы да айтылды. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға АНТ мүшелері жауап берді.

«Сіздерге асыл дінімізден дұрыс түсінік беру, адамгершілік пен имандылық қағидаларын насихаттау мақсатында АНТ кездесулері аясында  орталарыңызға келіп отырмыз. Ең бастысы, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, мемлекетіміздің бірлігі мен тыныштығына үлес қосу  барлығынан да маңызды», - деді Зайсан ауданының Бас имамы Тимур қажы Қайдарұлы.

Ол жат ағымдардан барынша сақтану, оларға жол бермеу туралы ескертті.

Кездесулер легі Зайсан ауданында одан әрі жалғасуда.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру