Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үшқоңыр медресе колледжі» педагог қызметкерлері кезекті аттестациядан өтті

28.04.2017 8667 0 пікір

Үшқоңыр медресе колледжі  –  Қазақстан Республикасының кәсіптік білімді  имам хатиб, исламтану пәні мұғалімі  мамандарын дайындайтын  бірегей  кәсіптік оқу орны. Мекемеге 2015 жылдың 21 желтоқсанында кәсіби білім аясында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша  мемлекеттік лицензия берілді.

Аталған біліктілері  бойынша  шариғаттың сан-саласын қамтитын ақида, фиқһ, Құран ілімі т.б. арнайы пәндер бойынша  білім ордасында 24 оқытушы дәріс береді. Олардың 13-і жоғары, бірінші, екінші санатты білікті ұстаздар, 6 ғылым магистрі, 5 оқытушы «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарманың Алғыс хатымен», 1 оқытушы ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен және Ы.Алтынсарин алғыс хатымен марапатталған.

2017 жылғы 21 сәуірде «Үшқоңыр медресе колледжі» мекемесінің әкімшілігі Алматы облыстық білім басқармасының аттестаттау комиссиясына аттестатталатын 11 педагог қызметкер атынан кезекті өтініштері ұсынылды. Өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігіне аттестатталатын педагог қызметкерлердің қызмет қорытындысына талдауды облыстық сараптама топтары жүргізді. Онда, ең бірінші орынға білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану мәселесі, маңызды мәселе ретінде педагогтардың сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударылды. 

Осындай жүйелі, жан-жақты жұмыс  нәтижесінде  мұғалімдердің сапалық құрамы артып, нәтижесінде аттестаттау комиссиясының шешімімен төмендегі педагог қызметкерлерге жоғары және бірінші, екінші біліктілік санаты бекітілді:

Жоғары біліктілік  санат:

1. А.М. Амиров – колледж директоры, Исламтану мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

І біліктілік санат:

2. М.М. Шадман - директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, «Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

3. К.Е. Мырзабаева - күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, «Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

4. М.Ж. Садырбаев - колледж әдіскері,«Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

5. Г.А. Кадырова - күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, «Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

6. Ш.Н. Омарбекова - қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушысы

7. Л.Т. Жунисова - «Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

І І  біліктілік санат:

1. Н.К.Жолдаспаева -«Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

2. Хуат Хайрат- «Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

3. Б.И. Умиркулов - «Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

4.Е.К. Бекет - «Исламтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы.

Бүгінгі таңда  «Үшқоңыр медресе колледжі» мекемесі  білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын толықтай орындап жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесін  55%-дан асырып отыр.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру