
Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қордай» мешіті дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауданға арнайы ҚМДБ ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі, белгілі ғалым Ерсін Әміре ат басын тіреді.
Ерсін Әміренің аудандағы қысқа да өте пайдалы сапары аудан бойынша қызмет етіп жатқан қазақ тілді имам-молдаларға еркін форматта өткізілген семинардан басталды. Семинар барысында имам-молдалар Ерсін ұстазға жамағат арасында күрмеуі табылмай жүрген күрделі сұрақтарын қойып, әрқайсысына дәлелді де тұщымды жауаптарын алды. Е.Әміре дін қызметкерлеріне «Аманат» жайлы уағыз айтты.
Ақшам намазы уақытында қадірменді қонақ аудандық «Қордай» мешітінде аудан бойынша жамағаттармен жүздесіп, «Жүрек дерттері» тақырыбында уағызын айтып, жамағатты дән риза қылды. Уағыз соңында Ерсін Әміре жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, бірнеше өзекті мәселелердің түйінін тарқатты.
Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2017
3600
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру