Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда қала мешіттері арасында «Волейболдан» жолдастық кездесу өтті (ФОТО)

27.04.2017 3430 0 пікір

Халқымыз: «Дені саудың – жаны сау» деп өте орынды айтқан. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, әрқашан жұмысқа, оқуға құлшына кірісіп, еңбегі нәтижелі әрі берекелі болады. Әрбір адам денінің саулығын ойлап, дене шынықтырумен, спортпен айналысуға тырысуы қажет. Денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», - деп біздің атыраулық дін қызметкерлеріміз де дене саулығына көңіл бөліп, жарысқа қатысып өзара бақтарын сынасты. 

26 сәуір күні ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі, “Иманғали” орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының қолдауымен, “Жалпы және жастар ісі” бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаевтың ұйымдастыруымен қала мешіттері арасында «Волейболдан» жолдастық кездесуі өтті. Байрақты бәсекені өкіл имам ашып, бақ емес, баптың шабуынан үміткер сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Қызу тартысты өткен сайысқа 6 команда қатысып, қорытынды есеп бойынша сайыстың бас жүлдесі Дамбы ауылдық мешітіне бұйырып,  жүлделі 1-ші орынға ие болды.  Ал, бір сәт имамдық қызметтен қол суытып, сайысқа қатысқан «Имамдар» командасы 2-ші орынға табан тіресе, қалалық «Әт-тақуа» мешіті 3-ші орын биігінен көрінді.

Сайысты қорытындылаған өкіл имам Б.Берденұлы жеңімпаз «Дамбы» командасына сайыс «Кубогын» табыс етті. Сондай-ақ, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған қомандаларды арнайы «Диплом» және медальдармен марапаттады.  Сайысқа белсене араласқан қалған үш командаға «Алғыс хат» табыс етті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру