Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Қайырымдылық шаралары жалғасын тапты (ФОТО)

27.04.2017 3560 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы тапсырысы бойынша еліміздің өңірлеріндегі мешіттер қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмектесіп тұрулары тиіс.

Бас мүфтидің тапсырысына  орай, Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі соңғы 3 жылдан бері  әр ай сайын міндетті түрде өткізіп келеді. Көп балалы, мүгедек, жалғызбасты болған 30-50 мұқтаж отбасына азық-түлік және қайырымды жандардан жиналған киім-кешек, тұрмыстық бұйымдармен көмек  беру шарасы жалғасып келеді. Мешіт тізімінде тұрған жағдайы төмен, азық-түлік көмегіне зәру жандар арнайы шақырылған 30 отбасына  күнделікті тұтынатын ұн, май, қант, шай, макарон өнімдері және ет  берілді.

Бұл жолғы қайырымдылық шарасына кәсіпкер азамат Бекмұрат та өз үлесін қосып, қосымша 10 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетіп, мұқтаж болған ата-апаларының алғысына бөленді.

Көмек алған адамдар: «Алла Тағала құлдарын кейде таршылықпен сынайды, кейде баршылықпен сынайды. Раббымыз баршамызға үлкен сабырлық берсін», - дей келе, осындай қайырлы істердің жүзеге асуына атсалысқан атқамінер кәсіпкер азаматқа да дән риза екендігін жеткізді.

Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғаса бермек.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру