Кеше Шымкент қаласы Нұрсәт мөлтек ауданы облыстық «Қан орталығы» ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күніне орай, «Бауырыңа өмір сыйла» атты тегін қан тапсыру қайырымдылық акциясы өтті.
Қан тапсыру шарасына қала, аудан, ауылдық мешіттердің имамдары мен жамағаттары болып, жалпы саны 256 адам қатысты.
Қан тапсыру – Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы болып табылады. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: "...Кімде кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең" («Майда» сүресі, 32 аят).
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек өз қанынан өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық, бауырмалдық, мейірімділік білдіріп, сондай-ақ, өзгеге үлгі боларлық іс жасап жатқан бауырларымызға ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2017
3397
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру