
Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастыруымен қалалық имам-молдалары Семей қалалық қан орталығында «Бауырыңа өмір сыйла!» атты донорлық акциясын өткізді.
Бүгінгі таңда, түрлі жағдайларға байланысты ауруханаларда қан тапшы екені белгілі. Осындай жағдайды ескере отырып, игі шараны қолдап, халық арасында осынау сауабы да, пайдасы да мол амалды насихаттау мақсатында, Семей орталық мешітінің имам-молдалары мен жамағаттары, қайырымдылық шара ретінде қан тапсырды.
Өз қанын өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық пен бауырмалдық танытқан иманды жандар жыл сайын өз еріктерімен қан тапсыруды дәстүрге айналдырып келеді. Жалпы, қан тапсыру – Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы болып табылады. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай деген: "...Кімде кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең" («Майда» сүресі, 32 аят).
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2017
3247
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру