Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ершат Оңғар: «Ханафи мәзһабы тура жолға бастайды» (ФОТО)

26.04.2017 3562 0 пікір

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі және жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар Атырауда болған екі күндік сапарында облыстық «Иманғали» орталық мешіті және мешіт жанындағы медресе шәкірттеріне, жамағаттарға уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалында қала халқымен кездесу өткізді.

Ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғардың атыраулық ағайынмен кездесу шараларының ұйымдастырылуына ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің  Бас имамы Батыржан Берденұлы ұйытқы болды.

Қала халқы, жамағатпен кездесу барысында Ершат Оңғар «ұлттық тұтастығымыздың ұйытқысы, салт-дәстүріміздің мәйегі – Ханафи мәзһабының артықшылықтары туралы сөз қозғап, Ханафи мәзһабының тура жолға бастайтын  мәзһаб екенін айтты. Міне, осындай еш міні жоқ, Алладан түскелі пендеуи өзгеріске түспеген дінімізді негізге алатын мәзһабты мойынсұнбаушылық – асыл дініміз ғана емес, туған тарихымызға құрметсіздік. Мұның қауіпті тұсы – жастардың ағымға ыдырап, іштей алауыздық тудыруында. Сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздігімізге қатерін төндіру пиғылында жатыр. Ал, бұдан шығатын жалғыз ғана жол – Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесінен тағылым алып, балаларымызға мұсылмандық тәрбие беру. Екіншіден, діни ілімімізді арттырып, қоғамда татулық пен достықтың үлгісін жаю», – деп білім мен тәрбиеге, бауырмалдық пен достыққа үндейтін Ислам құндылықтарына құрметпен қарауды үндеді.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру