Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Миғраж түніне» арналған уағыз (ФОТО)

26.04.2017 3564 0 пікір

«Нұр Ғасыр» мешітіндегі жексенбілік уағыздың бұл реткі тақырыбы «Миғраж түніне» арналды. Мешіт ұстазы Кенжегүл Қошқарова әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының шәкірттеріне «Миғраж оқиғасы мен Исра сапарына» кеңінен тоқталып, түсінік беріп өтті.

Биыл Миғраж түні сәуір айынының 23-нен 24-не, яғни жексенбіден  дүйсенбіге қараған түнге сәйкес келді. Бұл түннің қасиетін, ондағы Алланың құдіретімен орын алған оқиғаларды тізбектей баяндап өткен ұстаз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі) бурақ атты жануарға мініп, әуелі Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы әл-Ақса мешітіне барғандығын, ондағы өзге пайғамбарларға имамдық етіп, намаз оқығандығын, кейін жеті қат көкке көтеріліп, онда өзге пайғамбарлармен жүздесіп, Жәннат пен Тозаққа, өзге де жайттарға куә болғандығын айтып өтті. Соның ішінде, Алла әмір еткен жерге барып зор ұлық дәрежеге ие болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметіне дәл осы түнде намаз парыз болып бұйырылғандығын жеткізді. Өзге де қызықты жайттармен бөлісіп, шәкірттердің білімдерін арттырды.

Алайда аталмыш түнде орындалатын арнайы құлшылық та, оған мұнша сауап берілетіндігі жайлы айтылған ешбір хабар да жоқ екендігін ескертті. Әйтсе де, әдеттегі нәпіл құлшылықтармен өткізудің сауапты амал екендігін жеткізді.

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру