Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша Орал өңірінің мешіттерінде ай сайын қайырымдылық жұмыстары жүргізіліп келеді.
Осы тапсырмаға орай, Орал орталық мешітінің Бас имамы Руслан Сұлтановтың қолдауымен "Бауырыңа өмір сыйла" атты акция өткізілді. Аталмыш акция аясында мешіт имамдары мен жамағаттары, «Орал» медресесінің ұстаздары мен шәкірттері өз еріктерімен келіп, қан тапсырды.
Қайырымдылық шарасында наиб имам Марат Асанов жиналған қауымға қан тапсырудың маңызды да сауапты амал екендігін жан-жақты насихаттады.
Бір адамның өмірін сақтап қалу – барлық адамзатты өлімнен құтқарғанмен тең. Ендеше, дін қызметкерлері жасаған осынау қайырымдылық шарасының да кімде-кімге пайдасы тиіп жатса, нұр үстіне нұр болары анық.
Нұрлан САМАТҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.04.2017
4058
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру