Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Болашақ - білімді жастардың қолында (ФОТО)

26.04.2017 4045 0 пікір

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай, ҚМДБ тарапынан өңірлерге жіберілген РАНТ мүшелері халықпен кездесті. ТАРМУ-нің үлкен мәжіліс залында университет проректоры Асқар Абдуалінің басшылығымен өткен кездесуге РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікхан, Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық «Жалпы және жастар ісі»  бөлімінің өкілі Аманбаев Ержан қатысып қайтты.

Кездесуде лаңкестік әрекеттердің алдын алу, жат ағымдардан сақтану, имандылық жолдарын терең түсінудің жолдары айтылды. РАНТ мүшесі Ахмедиев Серік Алланың кітабы Құран аяттары және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) даналық сөздерімен, кешегі өткен бабаларымыздың ұстанған жолы Абу Ханифа  мазһабы екенін, ел ертеңінің болшақтары жастарға өзінің терең мағыналы уағыздарымен жеткізді.

Облыс имамы Жұмабаев Данияр білімгерлерге Елордасы Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имамдар форумы өткенін жеткізді. Білім атаулының  шамшырағы Ислам дінінің бүгінгі күндегі жаршысы болған имамдардың келешектегі жұмыстарына серпін беретін «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» Тұжырымдамасымен қатар «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі –  Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжаттары қабылданғанын айтты.

 

Жапек Ғалымбек,

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру