Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ерсін Әміре жастармен кездесті (ФОТО)

25.04.2017 3568 0 пікір

Алматы қаласы «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің өкілдері  мен «Salyam» еріктілер тобы мүшелерінің  ұйымдастыруымен, ару қала Алматыда «Жастарға тағылым» атты кездесу өткізілді.

Бұл кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасынан құрылған Ғұламалар кеңесінің мүшесі, республикамызға танымал дінтанушы, теолог,  ғалым Ерсін Әміре арнайы шақырылып, аталмыш кештің құрметті қонағы болды. Елімізге аты танымал ұстазбен кездесуге Алматы қаласының жоғары оқу орындарында оқитын студент жастар көптеп жиналды.

«Жастарға тағылым» атауымен өткен бұл басқосуда Ерсін Әміре жастарға көптеген тағылымы мол насихаттар айтты,  әсіресе еңбек құндылығы жан-жақты түсіндірілді. Мұсылман бауырларымыз бен қарындастарымызға білім алудың қандай маңызы бар екенін де баса айтты. Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін негізге ала отырып, көркем де қарапайым тілмен айтқан насихаттарын жиналған жастар қауымы ұйып тыңдады. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз», - екенін айта келіп, мұсылмандар үшін білім алудың үлкен маңыздылығын атап өтті.

Аталмыш шараның соңы сұрақ жауапқа ұласып, жастар көптен көкейлерінде жүрген сауалдарын, өздерін ойландырып-толғандырған сұрақтарын қойып, белгілі ғалымнан қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Жастар қауымы Ерсін Әміреге және осы басқосуды ұйымдастырған абзал  жандарға алғыстарын айтып, разы болып тарасты.

 

Алматы орталық мешіті баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру