
«Әйелдер-қыздар» секторының жұмысын жаңа қарқынмен дамыту туралы Діни басқарманың тапсырмасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен «Аналар тағылымы» атты шара өтті.
Басқосуды облыстық мешіттің «Әйелдер-қыздар» секторының жектекшісі Фатима Қабдиева жүргізді. «Асыл дінімізде «Жаннат - ананың табанының астында», - деп аналарға құрмет көрсету туралы нақты көрсеткен. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде анаға құрмет ету туралы тағылымды насихаттар айтылған. Біздің сектор аналарымызға, қыздарға өнегелік маңызы бар кездесу шараларын жиі өткізіп келеді», - деп атап өтті кездесуде ұстаз Ф.Қабдиева.
Шараға «Шығыс Қазақстан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы арнайы қатысып сөз сөйледі.
Сонымен қатар, маман өз сөзінде қазақ халқында тұтас ұлттың мақтанышына айналған аналардың есімдерін атап, олардың өнегелі өмір жолынан насихат айтты.
Басқосуға жаиналған аналар да өз ойларымен бөлісті. Кездесу тағылымға толы болды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2017
3300
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру