Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: «Достық үйіндегі» келелі басқосу (ФОТО)

25.04.2017 3698 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірдегі қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, ЖАНТ аясында бірқатар іс-шаралар атқаруда.

Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай, Өскемен қаласындағы «Достық» үйінде этномәдени бірлестік жетекшілерімен және өкілдерімен кездесу өтті.

Шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мади Мухтанов қатысты.

Басқосуда наиб имам жиналғандарға исламдағы халықтар достығы мен татулық туралы тағылымды уағыз айтты. Ол насихатында қасиетті Құраннан және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтірді.

«Ұлттар достығы маңызды. Халықтар арасындағы өзара ынтымақ мемлекет іргесінің беріктігін көрсетеді. Ұлы Жаратушы адамдарды әр ұлттарға бөлген. Әр ұлттың өз құндылықтары өздері үшін құрметті болуы керек делінген. Исламның асыл құндылықтарының бірі - ол бейбітшілік пен өзара түсінісушілікте жатыр. Біз барлығымыз отанымыз Қазақстандағы бейбітшілікті нығайтуға үлес қосуымыз керек», -  деп атап өтті наиб имам Мади Мухтанов өз сөзінде.

Кездесу емен-жарқын әңгімеге толы жарасымдылықта өтті. Өзге ұлт өкілдері наиб имамның насихатына жоғары баға берді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру