Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» семинары өтті (ФОТО)

25.04.2017 3488 0 пікір

Барша жұртшылық хабардар болғандай Елордасы Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имамдар форумы өткен болатын. Аталмыш шарада «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» Тұжырымдамасымен қатар «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі –  Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжаттар қабылданып, «Ислам және өркениет» үндеуі жария етілді.

Өткен форумда қабылданған құжаттар мен үндеуді жеткізу мақсатында Алматы қаласының имамдарына «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинарда  Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Ауесханұлы баяндама жасап, имамдарға  ІІ Республикалық имамдар форумының мақсатын түсіндіре келе, «ХХІ ғасырдың ел азаматтарының әрбіріне қояр талабы зор. Қазіргі қоғамның санасына сай мағлұмат ұсыну біздерге қойылар талап. Тарихты айта отырып тарихқа қайта оралу емес, керісінше, тарихтан ғибрат алып, рухани сананы жаңғыртар дүниелер ұсынуымыз қажет. ІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар осы жолда имамдарымызға бағдаршы болары анық»,- деді. Алматы қаласының өкілімен қатар ҚМДБ заңгері Дәулетияр Сағитжан Әріпұлы  және «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің өкілі Қайыргелді Руслан қабылданған құжаттарға талдау жасады. Айта кетерлігі, шарада болып өткен форумға қатыспаған имамдар қамтылып, қабылданған құжаттар толығымен түсіндірілді.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру