Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде «Қара жаулықты ақ жаулыққа ауыстырайық» атты акция басталды (ФОТО)

24.04.2017 4709 0 пікір

Ұлтымыздың салт-дәстүрі ислам дінімен терең тамырлас. Аналарымыз басынан ақ жаулығын тастамаған. Қазіргі таңда әйелдер қауымы түрлі-түсті және қара жаулық тағу көбірек етек алып барады.

Осыған байланысты ҚМДБ Өскемен өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Қара жаулықты ақ жаулыққа ауыстырайық» атты акциясы өтті. Жиынға ардақты аналар, мешіт ұстаздары мен шәкірттері жиналды.

Жиында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы: «Қазақ халқы ақ түсті айырықша қастерлеп келген. Бұл ұғымдардың түп-төркіні ақ ниетпен, адалдықпен астасып жатса керек. Ақ жаулықтың халқымыздың өмірінде маңызы ерекше. Ұлтымыз ақ жаулықты ардың және адалдықтың айнасына балаған», - дей келе ұлттық құндылықтарымызды ұрпаққа аманат етудің маңыздылығы жайлы ой қозғады. Шараға жиналған әйелдер қаумына өкілдік атынан ақ жаулық үлестірілді.

 Басқосуға арнайы келген аналар да ақ жаулықты қолдайтындықтарын білдіріп, еліміздегі жалпы аналарымызға бірыңғай ақ жаулық тағу туралы үндеу тастады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру