19 сәуірде Елордамыз Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚМДБ-ның «Ислам және өркениет» атты ІІ Республикалық имамдар форумы өтті.
Осынау киелі жиында ҚМДБ тарапынан қос құжат қабылдағаны белгілі. Аталмыш форумды талқылау ісі Талдықорған өңірі Ескелді ауданыңда жалғасын тапты.
ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамының тұжырымдамасын таныстыру мақсатында, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы Ескелді ауданының халқымен, осы ауданға қарасты ауыл имамдарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, «Ислам және өркениет» атты ІІ Республикалық имамдар форумының негізгі мақсаты аталып өткеннен кейін, ауданға қарасты ауыл имамдарының біліктілігін арттыратын семинар өтті.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2017
3490
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру