
Алматы облысы, Қапшағай қаласында "Дін маманы мен дін ұстанушының діни білім берудегі айырмашылығы" тақырыбында мешіт жамағаты және дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушылармен кездесу өтті.
Шара Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Аталмыш іс-шараға ҚМДБ Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қ. Наржанов, «Әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Б. Бейсенов қатысты. Өкіл имам «Дін маманы мен дін ұстанушының діни білім берудегі біліктілігін арттыру шарттары» атты тақырыпта баяндама жасап, жиын барысында жоғары сынып оқушылары мен мешіт жамағатын мазалаған сұрақтарына жауап берді әрі қазіргі таңда орын алып отырған өзекті мәселелерді де толығымен талқылап өтті. Діни сауаттары шамалы не біздің асыл дінімізден мүлдем бейхабар жүріп, дәстүрлі емес ағымдардың жетегінде жүрген жастардың жетелеріне жеткізе отырып дәстүрлі дініміздің құндылықтарын түсіндіріп берді. Діни сауатты тек мешіттерден, діни білімі бар білікті имамдардан алудың маңыздылығы баса айтылды. Ғаламтордан не болмаса өздері «адасып» дәстүрлі емес ағымдрдың жетегінде жүргендердің айтқандарын орындап, ықпалына иіліп жүре беруге болмайтындығын қатаң ескертті. Дәстүрлі дініміз бен өзіміздің ата-бабамыздан бері келе жатқан дәстүріміздің ұштасып жатқандығын да атап өтті.
Қойылған сауалдардың молдығына қарап, осы семинардың жиналған жұртқа ой салғанын көрдік.
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2017
3340
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру