Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Өкіл имам ауыл тұрғындарымен кездесті

20.04.2017 3642 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында болып қайтты. Өкіл имам алдымен «Байжігіт баба» мешітне келіп, мешіт жұмысымен танысты.

Бұдан соң ауыл тұрғындарымен өткен кездесуге қатысты.

«Ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау кері ағымдармен күресте аса маңызды. Біз ақсақалдар форумын өткізіп, салт-жоралғыларға байланысты бірқатар ұсыныстар қабылдаған болатынбыз. Осы істер өңірде өз ретімен жүзеге асуда. Негізгі мақсат - ысырапшылдыққа жол бермеу, ата-бабаларымыздың салтын сақтай отырып, асыл дінімізді насихаттау болып табылады», - дей келе, өкілдік тарапынан атқарылып жатқан игілікті шараларға да тоқталып өтті.

Алдағы мақсаттар жайын сөз ете келе өкіл имам халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін мешіттерді, әсіресе, діни мамандармен қамтамасыз ету ісінің маңызды екендігін алға тартты.

Ауыл тұрғындары да өздерінің көптен көкейде жүрген пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Өкіл имам ауыл тұрғындарының ұсыныстары қаперде болатындығын айтып, сауалдарына толықтай жауап берді.

Сонымен қатар, кездесуге Өскеменнен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ақсақалдар алқасының мүшелері арнайы барып қатысты.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру