Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен өкілдігі балалар үйіне Наурыз өткізді (ФОТО)

19.04.2017 3623 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінде Наурыз мейрамы шарасы болып өтті.

Мерекелік шараны облыстық «Халифа Алтай» мешіті, «Өскемен орталық мешіті», «Мұхамади», «Защита» мешіттері бірлесіп өткізді.

Балалар үйінің алдына алты қанат ақ орда тігіп, маңы Наурыз думанға бөленді.

Мешіт имамдары балалар үйіндегі жеткіншектерге қазақтың киіз үй бұйымдарын және ұлттық тағамдарды таныстырып өтті.

Балалар үйінің жеткіншектері әуелете ән салып би биледі. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетті.

«Бізге киіз үй тігіп беріп, наурыз мейрамын өткізіп беріп отырған өкілдікке, үлес қосқан, келіп қатысып отырған облыстық, қалалық мешіттердің қызметкерлеріне зор алғыс білдіреміз. Бұл Наурыз мейрамы жеткіншектерге зор қуаныш сыйлады» деп атап өтті «Үміт» балалар үйінің директоры.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру