Алматы орталық мешітінде «Жастарға тағылым» атымен өткен шарада Бас имам Нұрбек Ауесханұлы Елбасының жуырда жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастарға түсіндірді.
Нұрбек қажы өз сөзінде: «Қоғам арасында Елбасы мақаласына қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Дау көтеріп жатқандар да жоқ емес. Өз кезегімізде біз, Қазақстан азаматтары, ауызбіршілігімізден айрылмай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанымыз жөн. Сонымен қатар, латын әріпіне көшу мәселесі бір елмен достастық құру немесе достастықты бұзу емес. Керісінше, техника тілі латын әріпінде, техника дамыған дәуірде жастарымыз техниканы жетік меңгеру жолында латын әліпбиінің пайдасы зор», - деп атап өтті.
200-ден астам жастар жиналған шара Алматы қаласы «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.04.2017
3278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру