Табарани риуаят еткен хадисте былай келтірілген: «Егер бір адамның қыздары болып, олардың қиыншылықтарына шыдап, жақсылап өсірсе және теңіне қосса, бұл қыздары ол үшін тозаққа перде болады».
«Қызылжар» орталық мешіті «Әйел-қыздар» секторы «Бүгінгі қыз бала - болашақ ана» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара жоғарыдағы хадиспен ашылды. Аталмыш шараға университет, колледж шәкірттері, мектеп ұстаздары арнайы шақырылды. Өнегелі бұл жиын «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммад Файзиевтің Құран оқуымен басталды.
Діни-рухани кеш барысында «Дәстүр мен діннің тірегі – орамал», «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» деген тақырыптарда сахналық қойылымдар көрсетілді. Шынайы өмірден алынып қойылған бұл көріністер жиналған нәзік жандарды қатты тебірентіп, көпті ойландырып тастады. Діни шаралардың ажарын аша түсетін викторинаға бұл күні де орын берілді. Қыз-келіншектер екі топқа бөлініп, діни сұрақтарға жарыса жауап берумен болды. Викторина нәтижесінде қыздарымыздың діни сауатының мол екендігін көргендей болдық.
Дін мен дәстүрді ұштастыратын кеш соңында Алланың 99 есімін айтып шықты.
Шара соңында жиналғандар мол дастархан басына жайғасып, уағыздар тыңдай отырып, астан дәм алды.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.04.2017
4412
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру