
«Дін – насихат». Ислам дінінің өркен жайып, дамуына, жастар мен тұрғындардың Ислам діні турасында мол ақпарат біліп, дінге бет бұруы жүргізіліп отырған насихат жұмыстарының нәтижесі.
Жергілікті ақпараттық-насихат топтары, мешіт имамдарынан бөлек аймағымызға РАНТ мүшелері де ат басын тіреп, насихаттарын жүргізіп, көпшілікпен жүздесіп, құнды ақпараттарын бөлісуі де өз ықпалын жасауда.
Осы бағытта Республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі, ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуа" бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Нұр Мүбарак» университетінің ұстазы Сансызбай Құрбанұлы Арал өңіріне іс-сапармен келді.
Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен ұстаз Арал ауданында болды.
С.Құрбанұлы ең әуелі Сексеуіл кенті тұрғындарымен «Радикалды діни идеологиялардың мемлекет пен қоғамға төндірер қауіп-қатерлері» тақырыбында кездесу өткізді.
Сонымен қатар, Сексеуіл кентіндегі «Тілеуқұл ишан» мешітінде бесін намазын өткізіп, жамағатқа дәстүрлі емес діни идеология жетегінде жүрген азаматтар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жеткізді.
Қасиетті жұма күні Арал аудандық мәдениет үйінде «Радикалды діни идеологиялардың мемлекет пен қоғамға төндірер қауіп-қатерлері» тақырыбында аудан жастарымен және жамағаттың қатысуымен аудандық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияда РАНТ мүшесі басқа идеологияны меңзейтін керағар ағымдардың бір ғана отбасынан бастап, бүкіл мемлекетке іріткі сала отырып, қауіп төндіретінін дәлелді мысалдармен түсіндіре келе, қатысушы жастардың сұрақтарына тұщымды жауап берді.
Арал ауданының жамағаты Сансызбай Құрбанұлына ризашылықтарын білдіріп, шапан жапты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.04.2017
3498
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру