Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Қызылжарда «әжелер мектебі» ашылды (ФОТО)

17.04.2017 3679 0 пікір

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің нәзік жанды қажы әйелдер қауымы әрдайым барынша белсенді. Халқымыздың қашанғы салтын өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, жадымыздан шыға бастаған шынайы дәстүрлерді жаңғыртып, әсіресе, бала тәрбиесіне басымдық беретін олар ай сайын осы мешіт қабырғасында орын алатын айшықты шараларға қатысып келеді.

Міне, осы әйелдер қауымы мешітте «әжелер мектебін» ашуға ұйтқы болды. Жұма күні ҚМДБ-ның өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлымен болған кездесу үстінде әжелер өздерінің ойында көптен жүрген осы жайды - «әжелер мектебін» ашу туралы тілектерін ортаға салды. Бұдан бөлек, кездесу барысында осы заманғы өзекті мәселелер, соның ішінде, қыз балаға тәрбие берудің жай-күйі талқыланды.

Кездесу соңында «әжелер мектебінің» жоспары әңгіме арқауына айналды. Жаңадан құрылған аталмыш мектептің тек қана қыз балалар тәрбиесіне көңіл бөліп қана қоймай, сондай-ақ, мешіт өмірінде орын алар басқа да іс-шараларға үлкен үлес қосатындығына кәміл сенеміз.

«Қызылжар» орталық мешіті баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру