
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков пен Атырау облысы бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Мансұров Батыржан Шымкент қаласына жасаған іс-сапары барысында Шымкент және Сарығаш медресе колледждерінің бітіруші түлектерімен кездесті. Сондай-ақ, медресе қабырғасында білім алып жатқан шәкірттердің тыныс-тіршілігімен толықтай танысып, дәріс алатын, демалатын жерлерін аралап көрді.
Аталмыш оқу орындарының 3 курс студенттерімен кездесу кезінде Маңғыстау облысы мен Атырау облысының Бас имамдары осы өңірге имамдар қажеттілігі туындап отырғанын айтып, бітіруші түлектерді Маңғыстау аймағындағы мешіттерге қызмет етуге шақырды.
Өкіл имамдардың айтуынша, Бейнеу ауданындағы мешіттер мен өңірдегі жаңадан ашылатын имандылық үйлеріне қызмет ететін діни орта білімді мамандар қажет. Өйткені аймақта жылдан–жылға мешіт саны артып келе жатқандығына байланысты дін мамандарына сұраныс та артып отыр. Сапар аясында өкіл имамдар Смайыл Сейтбеков пен Мансұров Батыржан медресе бітіргелі отырған жастарға Маңғыстау және Атырау өңірлеріне имам, ұстаз боп келуге ұсыныстар жасады.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.04.2017
3552
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру