Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі «Әр қан доноры – ҚАҺАРМАН!» атты қан тапсырып, донор болу іс-шарасын өткізді. Бұл сауапты амал облыстық «Қан орталығы» мекемесі тарапынан қолдау тауып, екі мекеме бірігіп атқарды.
Аталмыш шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасы аясында биыл да өткізіліп отыр. Оған облыстық мешіт жамағаты, қалалар мен аудандардың имамдары, намазхан азаматтар өз еріктерімен келіп, қан тапсырып, донор болды.
Әрине, донор болуға әр адам ниетті болғанымен оған арнайы дайындық қажет. Сондықтан алдын-ала хабарландыру айтылып, дайындық жүргізілу арқылы ғана жүзеге асады.
Сауапты амал барысында қан тапсыруға келген 46 адамның әрқайсысы 450 грамнан қан тапсырып, қанға зәру болып, жаны қиналып жатқан бауырларының жанын аман алып қалуға осылайша өз үлестерін қосты.
Өз кезегінде облыстық «Қан орталығы» ұжымы, Діни басқарма тарапынан жасалған ұсыныстың әрдайым халықтан қолдау табатынына сенім білдіретіндіктерін айтып, осы шараны ұйымдастырған ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігіне ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2017
3614
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру