ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен, облыстық «Нұрлы мінбер» имамдар байқауы өтті.
Аталмыш байқауға біліктілігі жоғары 8 имам қатысты.
Байқау шарттары бойынша имамдар өздерін таныстыру, атқарған шараларын слайд түрінде көрсету, арнайы 3 сұраққа жауап беру және проектор арқылы экранда көрсетілген 10, 20, 30, 40 балды ұпаймен есептелетін ақида, фиқһ, имамның тұлғалық келбеті, Ата заңым айбыным, ҚМДБ-ның тұғырнамасы, Құран бағытында дайындалған арнайы сауалдарға сүрінбей жауап беру бойынша сынақтардан өтті.
Жоғарыда аталған шарттардан сүрінбей өткен 2 имам көркем уағыз айтудан сынға түсіп, жеңімпазды анықтау сайысы жүргізілді.
Қатысушы имамдар жұмысын саралауға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт, Жаңақорған аудандық орталық мешітінің имамы Омаров Садулла, Қызылорда қалалық "Сұлтан" мешітінің Бас имамы Абжанов Нұрлан және "Хазрет Әлі" мешітінің Бас имамы Рысбай Базарбай қатысты.
Нәтижесінде:
1 орын - Қазалы ауданы "Жанқожа батыр" мешітінің имамы Сүлейменов Берікке, 2 орын - Қызылорда қаласы "Мүсірәлі ата" мешітінің Бас имамы Арынов Берікке, 3 орын - Қызылорда қаласы "Нұр" мешітінің имамы Үркімбаев Маратқа бұйырды.
Бірінші орын иеленген "Жанқожа батыр" мешітінің имамы Сүлейменов Берік Астана қаласында өтетін Республикалық «Нұрлы мінбер» байқауына жолдама алды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.04.2017
3868
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру