Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Нұр» балалар үйіндегі шаттық (ФОТО)

12.04.2017 3777 0 пікір

Алматы қаласы «Əйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен сектор жанында құрылған «Əжелер мектебі» және Орталық мешіт  шəкірттерімен бірлесе отырып, "Нұр" балалар үйіне барып қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Алматы Орталық мешітінің əйелдер жамағаты балалар үйіне киім-кешек, азық-түлік және қаржылай көмек көрсетті. Балалармен сұқбаттасып,  көңілдерін көтеретін ойындар ұйымдастырып, жұмбақтар жасырды. Сонымен қатар, "Менің мешітім" тақырыбында сурет конкурсын ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйлықтар  таратты. Балалардың бəрі мəз-мейрам болып, риясыз тəтті бала  күлкілері сыңғырлап, төбелері көкке жетердей қуанышқа бөленді.

Əжелер мектебін басқарып барған Балапан əже Айтбайқызы жəне Алматы қаласы «Əйелдер-қыздар» секторының басшысы Маржан Оразанбайқызы "Нұр" балалар үйінің анасы Тұяқ Қаскенқызына жүрекжарды алғыстарын айтты. Ал, Тұяқ ана болса, уақыттарын бөліп, арнайы сый-сыяпаттарымен келіп, қамкөңіл бүлдіршіндердің көңілін бір марқайтып тастаған  нәзік жандарға шексіз ризашылығын білдірді.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) алтын өсиет хадистерінің бірінде: "Кімде-кім жетімнің басынан мейіріммен сипаса, қолы қанша шашына тисе,  сонша жақсылық жазылады жəне сонша жаманшылығы өшіріледі",- делінген. Исламда жетімге қамқорлық ету аса сауапты амалдардың бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және мешіттер қайырымдылықтың осы бағытына үнемі баса назар аударып келеді.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру