Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Досжан Ишан» мешітінде ас берілді (ФОТО)

12.04.2017 4346 0 пікір

«Досжан Ишан» мешітінің бас имамы Пірімқұлов Мадияр бастаған мешіт жамағаты қыстан аман-есен шыққаны үшін Аллаға шүкіршілік етіп, дастархан жайды.  Мешіт ауласына киіз үй тігіліп, ауыл ақсақалдары, алматылық кәсіпкер Қайыржан Нұралин және Шұбарқұдық ауылының әкімі Қайрат Нұралин құрметті мейман ретінде шақырылды. 

Ұлттық көжеден дәм ұсынылып, мешіттің бас имамы Мадияр Пірімқұлов дастархан басында тағылымға толы уағыз айтып, жамағатты насихатпен сусындатты.

Сонымен қатар, жастар арасында қол күрес, асық ату, арқан тарту және қой көтеру сынды ұлттық ойындар ойнатылды. Ойынға қатысып, жүлделі орын алған жастарға мешітіміздің атынан сыйлықтар берілді. Және 25 келілік қойды 164 рет көтерген 25 жастағы Қуаныш есімді білек күші мықты бауырымыз бас жүлдеге ие болды.

Ақсақалдар жастарға батасын беріп, жамағаттың басын қосып, оларды ұйымшылдыққа ұйыстырған осындай іс-шараларды өткізгені үшін бас имамға алғысын білдірді.

 

«Досжан Ишан» мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру