Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Жастарға тағылым» атты кездесу өтті (ФОТО)

12.04.2017 3400 0 пікір

ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша "Жалпы және жастар ісі" бөлімі мен «Salyam» қайырымдылық еріктілер тобы бірлесе отырып, белгілі исламтанушы Бауыржан Әлиұлымен кездесу өткізді.

«Жастарға тағылым» деген атпен өткен кездесуге  алматылық студенттер қатысты. 200-ден астам студент қатысқан жиында Бауыржан Әлиұлы еріктілердің қоғамдағы орны мен сауапты іске асығу жөнінде әңгіме өрбітті.

Өз сөзінде Әлиұлы «Алла сіздердің құлшылықтарыңызды керек етпейді. Алла біздерді құлшылыққа бұйыру арқылы Өзіне адалдықтарыңызды ғана тексереді», - деді.

Айта кетейік, Алматы Орталық мешітінің жанынан құрылған Еріктілер тобы осы күнге дейін көптеген қайырымдылық жәрмеңкелері мен қоғамдық, спорттық шараларға белсене қатысып жүр. Өз кезегінде Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Ауесханұлы жастарды ерікті түрде қызмет етулері үшін аталмыш шараның берері көп екендігін айтып, «Жалпы және жастар ісі» бөліміне «Жастарға тағылым» шарасын әр аптаның сенбі күндерінде ұйымдастыру қажеттігін тапсырды.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру