Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Құран жарысын тамашалауға шақырамыз!

12.04.2017 3675 0 пікір

Қадірлі Құрансүйер қауым, мүһтарам жамағат!

Сіздерді сәуір айының 15 жұлдызында сағат 10:00-де "Нұр-Мүбарак" университетінде қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін бәйгені тамашалауға шақырамыз.

Рахымды Раббымыз қасиетті Құранда:"Қашан Құран оқылса, Оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мейірімге бөленерсіңдер", - деген ("Ағраф" сүресі, 204-аят). Сондықтан Құран жолында ілімін дамытып жатқан жастардың  біліміне куә болыңыздар. Құран Кәрімде: "Сондай-ақ, Құранды өте анықтап оқы" ("Муззаммил" сүресі, 4-аят.) десе, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде:"Сендердің ең жақсыларың — Құранды үйреніп, Оны үйреткендерің!" - деген. Ендеше Алланың нұры мен мейіріміне бөленуге асығыңыз, ағайын!

Университеттің ер шәкірттері арасында өтетін сайыс 4 бағытта өтеді:

1. 2 пара (29,30);

2. 3 пара;

3. 5 пара;

4. 15 пара.

Жеңімпаздарға қаржылай және бағалы сыйлықтар беріледі!

Ескерту: 3-4 курс студенттері 2 парадан қатыса алмайды және Құранды толық жаттаған хафиздар 5 парадан төмен қатыса алмайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру