Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Зейнеткер әже өкіл имамның ұсынысына оң пікір білдірді

12.04.2017 3673 0 пікір

Апталық «Диапазон» газетінің 2017 жылдың 16 наурызындағы 11-нөмірінде Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспанның «Пышные садака хотят отменить» тақырыбында сұхбаты жарық көрген болатын. Сұхбатта садақадағы ысырапшылдық пен жөнсіз жоралғылар, діни рәсімдердегі бейәдеп әрекеттер мен бірізділіктің жоқтығы  туралы мәселелер қамтылды. Осыған орай, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен сәуір айында көлемді конференция өтетіндігі, онда ортақ садақа мәзірі ұсынылып, діни рәсімдерді бірізділендіру туралы Үндеу жарияланатындығы жазылды.

Аталмыш сұхбатта айтылған ұсыныстарға халық оң пікірлерін білдіре бастады. Соның бірі – зейнеткер, қарт әже Рысжан Ілиясова.

Садақа мәзіріне торт, салаттар мен жеміс-жидектердің қойылуын бос ысырапшылдық деп санайтын қарт  әже соңғы кезде адамдардың несие алып, қонақ күтетіндігін айтып күйінді. Осы бағытта облыстық өкілдік тарапынан ұйымдастырылып жатқан шараларды құптайтындығын, облыс тұрғындарына ортақ үндеу жолдап, садақа мәзірін ықшамдау туралы ұсыныспен толықтай келісетіндігін жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру