Қостанай облысы "Әйелдер-қыздар" секторы өкілі Аяулым Ермекқызының ұйымдастыруымен, «Ұстазсыз шәкірт тұл» атты шара өтті.
Аталмыш шараға дін жолында ұстаздық етіп жүрген Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінен Диана Қуанышқызын және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінен Жансая Салауатқызы қатысты.
Өз кезегінде облыстық мешіттің шәкірттері ұстаздың қадірін білу және шәкірт пен ұстаздың арасындағы қарым-қатынасты жеткізетін көрініс көрсетті.
Сонымен қатар, осы кеште Алла Тағалаға мадақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтылды.
Осы басқосудан соң қонақтар мен қатысушыларға дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.04.2017
4054
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру