
Маңғыстаулық жамағаттар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры болған марқұм Сманов Әбсаттар Шәкірұлы атынан ас беріп, Құран бағыштады.
Маңғыстаулық жамағат Ә.Смановтың атынан берілетін асқа «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры, елімізге танымал Абдуғаппар Смановты арнайы шақырып, көңіл айтты. 7 сәуір жұма күні Жаңаөзен қаласының жамағаты үлкен ас ұйымдастырып, Абдуғаппар ұстазға өздерінің шынайы көңілден шыққан ниеттерін білдірді. Марқұм Әбсаттар ұстаздың рухына арнап Құран оқылып, өкіл имам С.Сейтбеков дұға етті. Жамғат атынан Абдуғаппар ұстазға көңіл айтты. Абуғаппар ұстаз ас соңында жаңаөзендік барлық жамағатқа ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
7-8 сәуір күндері Жаңаөзен қалалық мешіттерінде Абдуғаппар ұстаз жамағатқа тұщымды уағыз айтты.
9-сәуір күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жамағаты да арнайы ас беріп, марқұм Әбсаттар Сманов ұстаздың рухына Құран бағыштады. Өкіл имам С.Сейтбеков жамағат атынан көңіл айтып, дастархан басында уағыз айтты. Сол күні ақшам намазынан кейін облыстық орталық мешітте Абдуғаппар ұстаздың кезекті уағызы болды. Уағызға 3000-нан астам жамағат қатысты. Абдуғаппар Сманов игі шараның өтуіне себеп болған барша жамағатқа өз алғысын айтып, дұға жасады.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2017
5406
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру