Бірлігі бекем ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық мешіті жамағаты спорттық ойындардан өзара сынға түсті.
Стол теннисі мен қол күрестен жарысқа түскен мешіт жамағаты өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, қол күрестен Р.Қошқарбаев ешкімге дес бермей 1-орынды алса, 2-орын Н.Тургенкуловқа, 3-орын Р.Сағынжановқа бұйырды. Ал, стол теннистен 1-орынды Е.Еламес, 2-орынды С.Құлымтаев, 3-орынды Р.Алибеков жеңіп алды.
Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, әрі Аллаға ұнамдырақ. Бірақ, екеуінде де қайыр бар. Өзіңе пайдалы дүниеге ұмтыл, Алладан жәрдем сұра, дәрменсіздік танытпа. Бір жағдайға тап бола қалсаң, «Егер мен былай істегенде былайша-былайша болар еді» деп айтпа. Алайда: «Алла Тағала жазды, Оның қалауы болды», - деп айт. Өйткені, «егер» деген сөз шайтанға жол ашады», - деген хадисті риуаят етеді. (Муслим)
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2017
5385
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру