Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін мен дәстүр» кітабы негізінде 5-рет дәстүрлі дөңгелек үстел шарасы өтті (ФОТО)

11.04.2017 3526 0 пікір

Павлодар облысында «Дін мен дәстүр» кітабын насихаттау арқылы жастарға ата-бабадан жалғасқан дәстүрлі дініміздің қағидаларын кеңінен таныстыру мақсатында жастар, студенттер, мешіт жамағаттары мен шәкірттері арасына әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан бұл істің  бір парасы аталмыш кітап бойынша биыл 5-рет ұйымдастырылып, оған  Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет және Павлодар педагогикалық институтінің студенттері, мешіт ұстаздары мен шәкірттері белсенді қатысты.

Бұл шараның тұрақты, үзбей ұйымдастырылып тұруына  дін жанашырлары және  қажы ата-апалар мол үлес қосуда.

Орталық мешіт кітапханасында өткен шараға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Аманқұлов, мешіт ұстаздары  Қарлығаш Қажымәлікқызы мен Ақерке Тұрғанбай және мешіт шәкірттері, белсенді жастар мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелде, қажы апалар мен студенттер кітап аясында өздері дайындаған баяндамаларды оқып, талқыға салды. Білімі мен парасаттары ұштасқан жастар жағы белсенді болды

«Дін мен дәстүр» кітабын негізге ала отырып  халқымыздың жадына дәстүр арқылы  үйлесімін тапқан  діни қағидалар мен сенім-нанымдар, олардың ауыз әдебиет, мақал-мәтелдерімізде көрініс табуы, бүгінгі тұрмыс-тіршілігімізге етене сіңіскен шариғи дәстүрлер туралы осы жолғы «дөңгелек үстелде» кеінен талқыланды», - деді ардагер ұстаз Ульян Мақұл.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру