ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Бауырыңа өмір сыйла» шарасы өтті.
Қасиетті Құран Кәрімнің «Бақара» сүресіндегі: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оның сыйын он есе қылып беремін»,- дегенді ескерген жамағат осы шараға барынша белсенділікпен атсалысты.
Облыстық қан орталығы ұйымдастырған бұл шара орталық мешітте жыл сайын өткізіледі.
Бүгінгі күні ауруханаларда, жансақтау бөлімдерінде өмір мен өлімнің арасында арпалысып, дерттеріне шипа іздеген пенделер қаншама. Олардың ішінде, әрине, қан топтарына орай, көптеген көлемде қан қажет ететіндері де бар.
Осындай дертті адамдарға көмек ретінде қолдарын созған жамағат қан беру шарасына қатысып, сауапты істің қасынан табыла білді. Қан өткізуге келген бауырларымыздың кезегі бір толастамады.
«Мұсылман – мұсылманның бауыры» дер болсақ, бұл да болса көпшілікті мейірімділік пен бауырмалдыққа үндеген шаралардың қатарынан болды. Осы шараға қатысып, қан өткізіп, ауыр халде - қанға зәру болып жатқан науқас жандарға қол ұшын созып, көмек көрсеткен күллі бауырларымызға Алла разы болсын!
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2017
3232
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру