
Сырқатқа сыр бермес үшін спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану сүннет болатын болса, Алла аманат етіп берген саулығымызды сақтау – әр мұсылманға міндет екені хақ. Осы ретте халық арасында салауаттылықты насихаттаған «Нұр Ғасыр» мешіті жуырда денсаулық сақтау саласы мамандарымен бірлесе отырып, бірқатар шаралар ұйымдастырды. Соның бірі қала тұрғындарына екпенің аурудың алдын алудағы маңыздылығы жайлы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарына арналды.
Денсаулық сақтау саласы мамандары мешітке келген жамағатқа, қала тұрғындарына балаға аурудың алдын алу мақсатында екпе салынатындығы, оның маңызы жайлы ақпарат берсе, дін мамандары вакцинацияның шариғатқа қайшы еместігін түсіндірді. Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әжуа құрмасын жеуді өсиет еткендігі жайлы хадистерін мысал етіп, шариғат адамды шарасыздықпен сынамайтындығын, керісінше қауіптің алдын алуды бұйыратындығын баса айтты.
![]()
Бұдан бөлек ҚМДБ тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап еліміздің мешіттерінде «Донор күні» республикалық акциясы бастау алған болатын. Осы орайда Халықаралық Денсаулық сақтау күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті облыстық қан орталығымен бірлесе отырып, «Өзгеге өмір сыйла» атты донорлық акциясын ұйымдастырды.
Сауапты әрі саулыққа да пайдалы іске атсалысып, қан тапсыруға ниет білдірген азаматтарды орталық мамандары үш бірдей бөлмеде қабылдады. Алғашқы бөлмеде азаматтың салмағы, қан қысымы тексеріліп, қан тапсыруға рұқсат етілу-етілмейтіндігі анықталды. Кезекті бөлмеде донордан тиісті мөлшерде қан алынып, соңында донорларға тәтті кофе берілді. Түске дейін жалғасқан акция барысында 30 адам донорлық қан тапсырды.
Бір айға жоспарланған акция алдағы аптаның жұма күні, яғни 14 сәуірде қалалық орталық мешітінде өтеді деп күтілуде. Бұдан кейін Хромтау және Алға аудандық мешіттерінде сәйкесінше 21 және 28 сәуір күндері өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2017
3699
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру