Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мектеп оқушыларымен кездесу өтті (ФОТО)

10.04.2017 4311 0 пікір

Өткен аптада "Иманғали" орталық мешітінің азаншысы, ҚМДБ-ның “Жалпы және жастар ісі” бөлімінің Атырау облысы бойынша жетекшісі Арман Урумбаев Доссор кентіндегі “Абай” орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Өскелең ұрпаққа ата-ана алдындағы перзенттік парызын сезіндіре отырып, ақ сүт берген ана мен ардақты әкеге қарсы келуді үндейтін жат ағым идеологиясының алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында А.Урумбаев ислам дініндегі ата-ананың алар орны туралы сөз қозғады.

"Соңғы жылдары әкесі тұрып ұлы, анасы тұрып қызы сөйлемеген салтымыздың сәні кете бастағаны ащы да болса - шындық. Кейбір адасқан ағым жетегінде кеткен бауырларымыз намаз оқымайтын ата-анасын сыйламай, керек десеңіз, отбасынан безуді қалыпты жағдайға айналдыруда. Бұл, әрине, Ислам дінінде жоқ нәрсе. Асыл дініміз ата-ананы құрметтеуге шақырып, "Жұмақ ананың аяғының астында", - дейді. Олай болса, бауырмалдық пен туысқандық қарым-қатынасқа ерекше мән беруге шақыратын Ислам мәдениеті - адамзатты өмірлік қателіктерден қорғап, жақсылыққа үндейтін баға жетпес рухани қазына", - деді А.Урумбаев өз сөзінде.

Сондай-ақ, кездесу барысында Мақат аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Дәурен Құттыбаев та ата-ана қадіріне қатысты пікірін білдіріп, жастарды отбасынан басталатын отансүйгіштік пен елжандылыққа шақырды.

 

"Иманғали" орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру