
Маңғыстау облыстық орталық мешіті шәкірттері арасында «Кел, бір сүре жаттайық» атты Құран жарысы болып өтті.
Мешіт шәкірттері Қасиетті Құран Кәрімнің «Мүлік» сүресін жаттаудан сынға түскен болатын. Наиб имам Қажымұхан Қамбарұлының ұйымдастыруымен өткен шарада, шәкірттер арасынан оқ бойы озық шыққан 13 азамат «Мүлік» сүресін жатқа оқып, әділқазылар қойған сұрақтаға жауап берді. Барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берген шәкірттерден бірінші орынды Муканов Рамазан, екінші орынды Рахман Қуат, үшінші орынды Исенбаев Салимжан иемденді.
Жүлделі орындардан көрінген қатысушылар арнайы марапатталып, қатысушылардың барлығына сыйлықтар үлестірілді. Сынға түскен шәкірттер дән риза болып, мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді.
«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі». (Әбу Дәуіт).
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.04.2017
4072
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру