Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Бүлдіршіндерге жылулық сыйлаған жандар (ФОТО)

08.04.2017 3384 0 пікір

Имам Бұхари мен имам Мүслімнен келген хадисте сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген екен: «Жесір мен жетімге көмектесу Алла жолында жихад қылғанмен тең». Жетім-жесірлер туралы Алланың Өз Елшісі Мұхаммедке (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түсірген Құраны және Құдси хадистер мен Набауи хадистердерде көптеп айтылған.

Қасиетті жұма күні Қасиетті Құран мен хадистерді басшылыққа ала отырып, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы қаладағы «Малютка» балалар үйіне арнайы арнайы барып, ата-анасыз қалған балаларға базарлық таратып, қам-көңіл бүлдіршіндердің көңілдерін көтеріп, бір мәз-мәйрам етті. Өкіл имам сәбилерге сыйлықтар таратумен қатар, шариғатқа сай  нәрестелерге  азан шақырып аттарын қойды. Өкіл имаммен бірге аталмыш балалар үйіне ат басын бұрып келген «Әйелдер-қыздар» секторының ақ жаулықты әжелері бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын  берді. Аналарының аялы алақанын сағынған, кішкене болса да тағдыр тауқыметін көріп, осы балалар үйіне түскен бүлдіршіндердің жанарларында мұң бар еді. Өкіл имам мен әжелердің келуі олардың басына қара бұлттай төнген қасіреттерін қолмен сыпырып тастағандай болды.

Көңілдерін қуаныш кернеген бүлдіршіндер бір сәтке болсын өз мұңдары туралы ұмытқандай болды. Қоштасар сәтте  мешіттен келген имам ағалары мен ақ жаулықты әжелеріне алғыстарын жаудырып, шаттыққа бөленіп жатты.

Алланың қалауымен, тағдыр тауқіметін көріп өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге Алла Тағала жеңілдігін берсін. Осы ата-анасыз қалған бүлдіршіндердің көңілдерін жадыратып, қуаныш сыйлаған өкіл имам мен ақ жаулықты аналарға Алла разы болсын!

 

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру