
Естеріңізде болса, өткен айда халқымыздың ұлттық мейрамы – Наурыз мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылған болатын. Құлшылық ордасының әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке аясында мешіт қызметкерлерінің жұбайлары мен нәзікжанды шәкірттер әзірлеген түрлі тағамдар арзан бағада сатылып, наурызкөже таратылған болатын.
Сондай-ақ, халал косметика мен әшекей бұйымдар, күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті халал өнімдер де сауда сөрелерінен орын алған еді. Бұған қоса, «Хикмет» телерадиостудиясының видео және аудио дисктері де осы жәрмеңке аясында төмен бағада жұртшылық назарына ұсынылды.
Жәрмеңкеден жиналған қаражат бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінен жәрдем сұраған 20 отбасыға таратылып берілді. Өтініш білдірген жандарды құлшылық ордасында қарсы алып, құрмет танытқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы бүгінгі қайырымдылық шарасының әйел жамағатының арқасында екенін атап өтті.
Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен қолға алынған «Қайырымдылық жәрмеңкелерінің» үзбей өткізіліп келе жатқанына үш жылға жуықтаған. Бүгінгі таңда еліміз бойынша ерекше аталып өтетін діни және ұлттық мейрамдарда мешіт ауласына киіз тігіп, жәрмеңке өткізу қалыптасқан дәстүрге айналғандай.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.04.2017
3367
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру