Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исламтанушы ұстаз әйел жамағатына уағыз айтты (ФОТО)

05.04.2017 3583 0 пікір

Атырау өңіріне келген елге белгілі исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлы мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан әйел жамағатымен кездесіп, Исламдағы әйелдің мәртебесі тақырыбында уағыз айтты.

Жиынды мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев ашып, Қабылбек Әліпбайұлының әйел жамағатымен кездесуіне мүмкіндік тудырған бас имам Б.Берденұлына алғысын білдірді. Және белгілі исламтанушы, дін саласының білгірі Қ.Әліпбайұлын жамағатқа таныстырды.

Жиын барысында Қ.Әліпбайұлы Ислам дінінің әйел құқығын таптауды емес, әйел мәртебесін көтерген асыл дін екенін атап көрсетті. "Ислам дінінің әйелге құрметпен қарайтынын Ислам тарихынан хабары бар кез-келген адам біледі. Ислам – адамзат тарихында үлкен бетбұрыс жасаған дін. Айталық, Ислам діні келгенге дейін азған қоғамда дүниеге жаңа келген қыз баласынан арланып, оны тірідей өлтіретін салт болған. Әйелді ақ некемен адал жар етіп, салихалы, қайырлы ұрпақ өсіруді мүлде білмеген.

Міне, Ислам мәдениеті осындай арсыздықтың тамырына балта шапты. Қыз баланы қадірлеп, әйелді құрметтеуді жолға қойды. Бұл атам қазақтың салтынан да мықтап орып тепті. "Қызына қырық үйден тыйым қойып", әйелін ардақтаған халық тарихындағы өнегелі отбасы институты - ардақты пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінің жемісі", - деді Қ.Әліпбайұлы өз сөзінде. Кездесу соңында әйелдер жамағаты көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру