Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сахабалар өмірінен сабақ өтуде

04.04.2017 3970 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Файзуллина Марал сахабалар өмірінен сыр шертетін сабақтар легін бастады.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің әйелдер жамағатымен 82 сахабаның тарихын түсіндіру мақсатында, сол сахабалардың жолымен жүріп әрі иман күшейту мақсатында алғашқы сабақтар сахаба аналар тарихынан басталды.

Кезекті сабақ алтыншы сахаба анамыз АТИКА БИНТИ ЗӘЙД (оған Алла разы болсын) анамыз туралы болды.

Сабақ барысында әйелдер-қыздар жамағатына әйел адамның Ислам дініндегі рөлі, әйел адамның тақуалығы мен ері алдындағы міндеті турасында көбірек сөз қозғалды.

Сондай-ақ, сахаба әйелдердің Ислам дініне сіңірген еңбегі мен олардың дінді ұстанудағы табандылығы насихатталды.

«Әйел – отбасындағы бақыт пен берекенің ұйытқысы. Аналық міндеттерін мінсіз орындаған аналарымыздың өміріне көз жүгіртер болсақ, сахаба әйелдер бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Оларды дінге қызмет ету жолында қиындыққа еш мойымауға, Алла жолында жан беруге әзір елгезек жан етіп тәрбиелеген», - деп Марал ұстаз өз сөзінде атап өтті.

Бұл бағыттағы сабақтар кестеге сәйкес өз жалғасын таба береді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру