Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: «Әс-Сәлам» мешітінде кездесу өтті

04.04.2017 3368 0 пікір

Астана қаласы «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы «Әс-Сәлам» мешітінде уағыз айтты.

Үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру жұмысы бүгінде ел мешіттерінде қызу жүргізілуде. Соның бір көрінісі мешіттерде білікті мамандармен кездесу өткізу. Бұл қарапайым азаматтардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған аса келелі жұмыс. 

Елорда мешіттерінде, Өкілдіктің бастамасы аясында жыл бойы дін ғұламалары, исламтанушы ғалымдар мен ұстаздарды, тәжірибелі имамдар арнайы шақыртылып, кездесулер ұйымдастырылып келеді. Жамағаттың көкейіндегі түйткілді мәселелер төңірегінде сұрақтарына тұщымды жауап алу жүйелі түрде жолға қойылған.

Астана қаласы маңындағы «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде кезекті салихалы кездесу өтті. Игі шара аясында «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырханов жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында Ж.Садырханов «Құран - мәңгі мұғжиза» атты тақырыпта уағыз айтты. Қонақ имам Құранның Алла Тағаланың адам баласына жіберген ең үлкен сыйы екендігін айтып, қасиетті кітаптың хикмет пен даналыққа толы аяттары жайлы сөз қозғады. Он төрт ғасыр бұрын түскен кітаптың даналығы бүгінгі ғылымның соңғы жаңалықтары, жетістіктерін де өз ішіне қамтығанын жеткізе отырып, Құран Кәрімнің ақиқат үкімдерін адаспай, мықтап ұстануға шақырды.

Уағыз соңынан «Әс-Сәлам» мешіті жиылған жамағатқа арнайы дастарқан жайды. Дастарқан басында мешіт жамағаты имамға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

 

«Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру